Талапкер ауылының "Әсем-Ай" бөбекжайы" Мемлекеттік Коммуналдық Қазыналық Кәсіпорны
Государственного Коммунального Казенного Предприятия "Ясли-сад "Асем-Ай" села Талапкер

Мемлекеттік қызмет көрсету


СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балабақша жаңалықтары

/public/files/2025/5/19/190525_121824_document5285300545874062006.mp4

Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті 2025 жылдың 25 сәуірінде Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесі отырысының тәжірибелік бөлімі Целиноград ауданының Талапкер ауылындағы «Әсем-Ай» бөбекжайында ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – инклюзивті білім беру саласында атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, тәжірибе алмасу, сондай-ақ білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕБҚ) балаларға қолайлы жағдай жасау жолдарын қарастыру.Отырысқа Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшелері, Ақмола облысының білім басқармасының өкілдері, тірек білім беру ұйымдарының басшылары (тірек балабақшалардың меңгерушілері мен Целиноград ауданының балабақша меңгерушілері, тірек мектептердің директорлары), Целиноград ауданы мектептерінің директорлары, колледждердің және арнайы білім беру ұйымдарының басшылары, сондай-ақ инклюзивті білім беруге жетекшілік ететін аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысты. Іс-шара екі бөлімнен тұрды. Кеңестің бірінші бөлімі практикалық түрде өткізілді. Бұл бөлімде Талапкер ауылының «Әсем-ай» бөбекжайы мен жалпы орта білім беретін мектебінің арнайы мамандары мен педагогтері өздерінің инклюзивті білім берудегі тәжірибелерімен бөлісті.


Текст