"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Талапкер ауылының "Әсем-Ай" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственного коммунального казенного предприятия "Ясли -сад  "Асем-Ай" села Талапкер при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области

Мемлекеттік қызмет көрсету

Жемқорлық- бұл...

10.06.2022

Сыбайлас жемқорлық – (лат. corruptio - сындыру, құрту, бүлдіру) қоғам игілігі мен мемлекеттік мүдделерге нұқсан келтіретін, жеке мақсаттарға жетуге олжа, артықшылық алу үшін мемлекеттік билікті, лауазымды, мәртебені асыра пайдалануда көрінетін этикалық және құқықтық бұзушылықтардың жиынтығы бар әлеуметтік құбылыс.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық – бұл «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңы,  сонымен қатар заңдарда белгіленген тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын, сыбайлас жемқорлықпен байланысты немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттердің өзге заңдарымен қарастырылатын іс-әрекет.

           Әділдік пен инабаттылықтың болмауы ретінде жемқорлықтың көп түрі бар:  парақорлық, қоғамдық тұтынуға арналған тауарлар мен қызметтерді заңсыз алу, тамыр-таныстық, жеке бас пайдасына жету мақсатында заңдар мен ережелерді әзірлеу кезінде ықпал көрсету.

Парақорлық – мемлекеттік қызметкер (немесе оған теңестірілген адам) өз немесе бөтеннің мүдделерінде тікелей немесе жанама түрде пара алатын, алуға уәде беретін немесе алуға келісетін, өкілеттігін орындау кезінде  пара беруді талап ететін немесе заңсыздыққа итермелейтін әрекет.

Қорқытып алушылық – әрекет етуге немесе әрекетсіздікке айырбас ретінде адамды ақша төлеуге немесе басқа құнды байлықтарды беруге мәжбүрлеу. Осы мәжбүрлеу қысым көрсету, оның ішінде моральдық қысым көрсету арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін.

Көпке созушылық – пара алу мақсатында істі әдейі созу, күшпен алушылық түрі.

Непотизм (тамыр-таныстық) – өз билігін және іскерлік байланыстарды нығайту мақсатында туыстарға, таныстарға және достарға табысты лауазымдарды, шен, жылжымайтын мүлік беру, солайша шешім қабылдарда пайдаланылатын борышкерлер –бағыныштылар мен әріптестер жүйесін қалыптастыру.

Ақшаның ізін жасыру – қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңды етіп алу немесе жасыру әрекеті арқылы жүзеге асырылатын әрекеттер.

Паралау –  өз өкілеттігін орындауда қалаулы заңды әрекет немесе әрекетсіздік үшін немесе осы нәтижеге қол жеткізу мақсатымен делдалға,  мемлекеттік қызметкерге немесе оған теңестірілген адамға тікелей немесе жанама пара беруге ұсыныс, уәде берумен байланысты әрекеттер.

Просмотров: 8058


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст